Белгісіз сағана

Белгісіз сағана (XVI–XVII ғғ.) республикалық санаттағы ескерткіш. XVII ғасырдың тарихи құнды сәулеттік ескерткіштерінің бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-батыс бұрышынан 30 м қашықтықта орналасқан. Бейіттің жоғары бөлігі қандай болғандығы белгісіз, тек төменгі мүрдеханасы жақсы сақталып қалған. Сағананың ішкі келбеті сыланбаған. Едені топырақтан төселген. Еденде, ағаш жәшіктерде сақталған табыттар, оның 7 ересек, бір жас баланың мәйіті орналасқан. Бұл мазарда жерленген адамдар жайында ешқандай дерек жоқ және осыған байланысты «белгісіз мазар» деп аталады.

Дерек көзі: Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Т. 1. Оңтүстік Қазақстан облысы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – 368 б.