Панорама

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – әдетте діни кешендерде жеке-дара болып тұратын кесене, мешіт, ханака, медресе кұрылыстарын сәулетшілер бір ғимаратқа біріктіре білген аса ірі кешен. Оның құрамында аумағы әртүрлі 34 бөлмесі бар. Оңтүстіктен шығысқа қарай бір жіпке тізілгендей алып портал, орталық залы – Қазандық және әулие Қабірханасы орналасқан. 

Орталық залға және Қабірханаға бүйірінен шығыс пен батыстан бөлмелер қосылған. Орталық залдың бұрыштарынан ғимаратты сегіз бөлікке бөлетін екі қабатты сегіз дәліз жапсырылған. Ғимараттың жалпы ауданы 65,5 х 46,5 м. Жеке-дара кұрылыстардың орнына зәулім тұтас бір ғимараттың тұрғызылуы өз заманында сәулет өнерінің дамуында кадам болды.