Панорама
1939–1941 жылдары жүргізілген реставрациялық жұмыстары кезінде ғимараттың төбесін қоқыстан тазалау барысында Қожа Ахмет Ясауидиң көне кесенесін нақыштап қаптаған қыштар мен кірпіштер табылды.
1957 жылдың қазан айында солтүстік порталдың батыс тіреуінің іргесін жөндеу барысында Қожа Ахмет Ясауидің алғашқы кесенесінің қабырғасы көрінді. Қөс кірпіштерден қаланған және олардың арасын шахмат тәртібімен "бантиктер" (аумағы 1 шаршы м) орналастырылған улгіге еліктеу пішінде жасалған қабырғаның қаптана бөлігі табылған. Осы кұрылыс қалдықтары – 2–3 м биіктікте сақталған қабырғалар 1975 жылғы реставрациялық жұмыстар барысында қазіргі кесененің зияратхана бөлмесі жағынан аршылды.