Панорама Кірер алдында

Тараз шаһарында орналасқан Қарахан кесенесі – Сәулет өнерінің тамаша туындыларының бірі. Бұл көне ғимаратты салу барысында өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіш пайдаланылған. Кесенеде орталық зал және үш зал бұрыштары бар. Төртінші залда төбеге шығатын баспалдақ орнатылған және орта орын-жайдың төбесі киіз үйдегідей жабық. Қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда бой көтерген құрылыс Айша бибі мен Бабаджа қатын кесенесімен тікелей байланысты.

Көне архитектуралық ескерткіш XX ғасырдың басына дейін сақталған. 1906 жылы күмбездің орнына жаңа кесене тұрғызылды. Ұшар басына оюлы, ағаш діңгек қойылып, бөлменің ішіне бесік тәрізді сағана орнатылды.

Ал, 1979 жылы кесенеге күрделі реконструкциялық жөндеу жұмыстары жүргізілді.