Ясы мешіті

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің солтүстік-батыс бөлігінде қос күмбезді мешіт орналасқан. Күмбездің төменгі қабырғалары төртбұрыш болып келуі үшін қиылысқан арка құрылыстары арқылы тұрғызылған. Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтетін мешіттің негізігі кіреберісінің төменгі жағы арка, ал жоғарғы жағы тас үңгі ретінде безендірілген.

Мешіттің батыс қабырғасының ортасында ойма тәсілі арқылы нақышталған михраб орналасқан. Михрабты кенересіне жүргізілген П-үлгісіндегі тас үңгінің төрт ұяшығында жазулары бар. Мешіттен Жолбарыс хан дәлізі арқылы кітапхана мен қазандыққа өтуге болады.

Дерек көзі: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі / Құрастырушылар А.К. Муминов, М.Б. Қожа, С. Моллақанағатұлы, М.Ж. Садыкбеков, Ж.М. Нұрбеков. – Алматы: «Эффект» ЖШС, 2015. – 208 б. үш тілде.