Зияратхана

Қабірхана мен Мешіт арасында Зияратхана деп аталатын дәліз орналасқан. Мұнда зиярат жасауға келгендердің басым бөлігі әулие жатқан орында көруге мүмкішілік алған. Зияратхана мен Ахмет Ясауи бейіті жатқан Қабірхана арасын ойыққа қойылған ағаш тор ғана бөліп тұр. Бұғас ұқсас дәліз Қабірхананың шығысында да бар. Екі бөлмениң төбесі де Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінде өте сирек кездесетін крест үлгісіндегі жабумен өрілген. Л.Ю. Маньковскаяның пікірінше: "Осы шатырлар ғимарат кұрылысшысының ең озығы және ол басқаларға ұқсамайтындығымен ерекшеленеді".