Қабірхана

Қожа Ахмет Ясауидің қабірханасы – құрылысы төртбұрыш төбесі күмбезді қабырғалары 7,15 м келетін ғимарат.

Қабірхана күмбезінің сыртқы аумағы 10 м. Едені көлемі 4,7 х 3,8 м, биіктігі 46–50 см, тік төртбұрыш сәкі тәрізді күйдірілген кескетен қаланған биіктеу келген құрылыстан тұрады.

Қабірхананың ортасында биіктеу құрылыстың шығыс жағында Қожа Ахмет Ясауидің жазуы жоқ үлкен сағана-құлпытасы орналасқан.  Сағана ашық-жасыл түсті тақталармен қапталған, аумағы 1,05 х 2,94 м, жалпы биіктігі 1,85 м келеді. Сағананың аранайы бөліктері жіңішке ойықтармен өрнектелген.

Сағананың айналасына қола шырағдандар қойылған, оның кейбіреуі Темірдің кесенеге сыйлығы ретінде берілген. Биіктеу құрылыстың оңтүстік-батыс жағына Қожа Ахметтің әйелдері мен баласы Ибрахим шах жерленген.

Дерек көзі: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі / Құрастырушылар А.К. Муминов, М.Б. Қожа, С. Моллақанағатұлы, М.Ж. Садыкбеков, Ж.М. Нұрбеков. – Алматы: «Эффект» ЖШС, 2015. – 208 б. үш тілде.