Казандык

Қазандық (жамаатхана) үлкен төртбұрышты жақтарымен 18,5 м шаршы бөлмені білдіреді. Қазандық бөлмесінің ортасында ортағасырлық қола құю онерінің таңғаайып жетістігі, шебер ‘Әбд әл- Әзиз ибн Шараф ад-дин Табризидің туындысы – Тайқазан қойылған. Оның биіктігі 158,3 см, ернеуінің диаметрі 243,4 см. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3000 литр. Қазан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне Әмір Темір тапсырмасы бойынша 1399 жылғы маусым айының 25-і күні құйылған. Тайқазан тұрғандықтан кесененің орталық бөлмесі Қазандық деп аталған. Қазандыққа шығыс пен батыс жақтардан бірінші және екінші қабаттарда шағын құжыраханалар – тұрғын бөлмелер жапсарлас етіп салынған.

Қазандық бөлмесі Орта Азия мен Қазақстан аумағында ең үлкен күмбезбен көмкерілген. Күмбез жасыл түсті сырлы қышпен қапталған. Қазандық күмбезінің биіктігі 39 м. Күмбез іш жағынан бедерлі сталактиттермен безендірілген. ХХ ғасыр басында олар бетінде боялған өрнек іздері байқалатын болатын. Панельдің негізгі бөлігі көк түсті алты қырлы сырлы қаптамалардан құрастырыл, мозаикалық бордюрмен қоршалған. Қабырғаныңтөменгі бөлігі өсімдік өрнекті құмтастан жасалған белбеумен әшекейленген.

Дерек көзі: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі / Құрастырушылар А.К. Муминов, М.Б. Қожа, С. Моллақанағатұлы, М.Ж. Садыкбеков, Ж.М. Нұрбеков. – Алматы: «Эффект» ЖШС, 2015. – 208 б. үш тілде.