Цитадель қамал қабырғасы, (XVI–ХІХ ғғ.), республикалық санаттағы ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс жақ бөлігін қоршай орналасқан фортификациялық құрылыс. XVIIІ ғасырдың бас жағында жасалған Түркістан қаласының фортификациялық құрылысы жайлы алғашқы сызбада қала мұнарасы қорған қамалмен қоршалған. Цитадельдің фортификациялық құрылыстарына алғашқы археологиялық барлау жұмыстары 1973 жылы жүргізілген. Қазба барысында XIX–XX, XVII–XVIII, XIV–XVI ғғ. жататын қамал қабырғасының үш құрылыс горизонты ашылды. 1980 ж. рестовраторлар жүргізген археологиялық зерттеулер нәтижесінде қорған қамалының солтүстік-шығыс бөлігі мен шығыс мұнарасы және солтүстік-шығыс қақпалары қайта қалпына келтірілген.
Дерек көзі: Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Т. 1. Оңтүстік Қазақстан облысы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – 368 б.