Шығыс моншасы

Республикалық дәрежедегі ескерткіш, кесененің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, XVI ғ-дың 80–90 жылдарында тұрғызылған. Моншаның жалпы көлемі 17 х 15 м, биіктігі 4,8 м құрайды. 1975 жылға дейін жергілікті тұрғындардың қолданысында болған, 1979 жылдан бастап музейге айналды.

Монша жартылай жер астына салынған, 5 күмбезі бар, күйдірілген кірпіштен салынған. Моншада әртүрлі қызметтерге арналған 9 бөлме бар: жуынатын бөлме, ыстық және суық су бөлмелері, массаж бөлмесі және т.б. Жылыту жүйесі өте жоғары кәсіби деңгейде жасалынған, жылу құбырлары бөлме едендерінің астымен жүргізілген. Күрделі сәулет құрылысы болып табылады.

Дерек көзі: Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Т. 1. Оңтүстік Қазақстан облысы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – 368 б.