Сегіз қырлы сағана

Сегіз қырлы сағана (XVI–XVII ғғ.), республикалық санаттағы ескерткіш. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығыс мұнарасынан 40 м қашықтықта орналасқан. Бұл құрылыс кімге және қашан салынғаны белгісіз. Мазардың ішкі көлемі 6,95 х 6,95 м, қабырғалары сегіз ойықшаланған, сегіз қырлы болып келген. Еден күйдерілген кірпіштен төселген. Еденде эпитафиясы толық жоқ 3 үлкен емес құлпытас сақталған. Құлпытастың біреуі ашып, зерттелген. ХІХ ғ. аяғында мазардың кірпіштері мазар орнына тұрғызылған үш бұрышты бөлмелерден тұратын тахаратхана құрылысына жұмсалған. Ал ХХ ғ. Тахаратхана құрылысы қирағаннан кейін некропольдің бұл аумағы кейінгі жерлеулерге байланысты мазар ретінде пайдаланылған.

Дерек көзі: Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Т. 1. Оңтүстік Қазақстан облысы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1994. – 368 б.