Панорама

Қазақ хадығы (1470–1847) құрамына Түркістан аймағы – яғни, Сырдарияның орта ағысы өңірі XVI ғасыр соңында түпкілікті қарады. Бұл өңір әдетте Ұлы дала аумағында үстемдік кұрған түркі мемлекеттеріне бағынған. Түркістан қаласын алғаш астана еткен қазақ ханы Есімхан (1598–1614; 1627–1628) болды. Хиуа хандығының ханы, айтулы тарихшы Әбілғазы Есімханның Түркістан қаласындағы ордасын үш ай бойы паналағанын жазып кеткен.

Түркістанға белік жүргізген қазақ хандарының бірі Тұрсын Мұхаммед (1613–1627) болды. Шығыстанушы П. Лерх, Түркістан аумағына 1867 жылғы барған іссапарының барысында Қожа Ахмет Ясауи ұрпағының қолында билеушілер артықшылықтар берген он бес кұжат ішінде Тұрсын ханның һижра бойынша 1035/1625–26 жылғы жарлығын көргенін жазады.